Skip to content

Жанашырлыққа жан риза

«Шапағат» көп салалы оңалту орталығында «Мүгедектігі бар адамдар күніне»  орай,  «Жанашырлыққа жан риза» тақырыбында суреттер көрмесі өтті. Сурет салу жай ғана қағазды бояу емес, ол тұнық өнер. Қызмет алушылар жақсы сурет салу үшін тырысып бақты.  Қызмет алушылардың өз қолдарымен салынған суреттер жүрекке жылу сыйлайды. Қызмет алушылардың тілін табуға мейірім мен махаббат көмек берді дейді,  көрмені ұйымдастырушы мамандар.