«Шапағат» әлеуметтік қызмет орталығы КММ Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне орай «Үздік әлеуметтік қызметкер-2023» байқауы ұйымдастырылды. Қиын да қажетті салада тер төгіп жүрген әлеуметтік сала қызметкерлері мықтыларын іріктеген бұл байқаудың басты мақсаты: еңбек ұжымындағы өзара қарым -қатынасты нығайту және қызметкерлердің шығармашылық бастамалары мен қабілетіне қолдау білдіру. Қазылар алқасының саралауымен байқау өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталды. Байқау жеңімпаздарын қалалық әлеуметтік-медициналық мекеме басшылары дипломдармен марапаттады. Кәсіподақ тарапынан бағалы сыйлықтар табысталды.



KZ
