Skip to content

Тең мүмкіндіктер

«Шапағат»  әлеуметтік қызмет орталығы» КММ  №3 бөлімшесінде «Мүгедектігі бар адамдар» күніне орай «Тең мүмкіндіктер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде логопед, дефектолог мұғалімі, емдік дене шынықтыру нұсқаушысы, еңбек терапиясы жөніндегі инструктор, психолог мамандары мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға бейімдеу барысында тең мүмкіндіктерді қолдану туралы сөз қозғап, өз тәжірибелеріндегі озық әдістермен  бөлісті.