Табиғаттың бірегей сыйы болып табылатын дельфиндерді тамашалауға барған біздің қызмет алушыларымыз одан ерекше әсер алды. Олар дельфиндерді көргенде бейжай қалмай, су жануарларының әр қылығына сүйсініп, алған әсерлері мен сезімдерін қол шапалақтау арқылы білдірді.
Дельфинмен емдеу адамдардың жалпы психикасының дамуын ынталандыруға, ақыл-есті дамытуға, тілін жетілдіруге оң әсер ететінін ескерсек, дельфинарийдің біздің қызмет алушыларға пайдасы мол. Дельфинарий қызмет алушыларымызға ұмытылмас әсер сыйлап, ерекше оқиға ретінде естерінде қалды.


KZ
