«Шапағат» әлеуметтік қызмет орталығы» КММ дефектолог мұғалімдері қызмет алушылардың танымдық үрдістерін дамыта отырып, ақыл-ойын, жылдам логикалық ойлауын, қиялын, ептілігін, есте сақтау қабілетін дамыту мақсатында «Ойлайық та, ойнайық!» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Қызмет алушылар қоршаған орта, ұсақ моториканы дамыту, қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру бойынша берілген тапсырмаларды толық орындап отырды. Сергіту сәті, бейне материалдар өз орнымен жүргізілді.


KZ
