«Шапағат» әлеуметтік қызмет орталығы» КММ «Әлеуметтік қызметкерлер күніне» орай, «Күшіміз бірлікте» атты қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында спартакиада өтті. Спартакиадаға №1, 3, 4 бөлімшелерден, «Шапағат» оңалту орталығынан мамандар қатысты. Жарыс көңілді де қызықты өтті. Жарыс қорытындысы бойынша командалар марапатталды. Үлкен жауапкершілікті, кәсіби біліктілікпен қатар адами қасиеттерді талап ететін әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлеріне еңбектеріңіз елене берсін дейміз.
KZ
