«Шапағат» әлеуметтік қызмет орталығы» КММ №1 бөлімшесінің қызмет алушылары Астана күніне орай «Nomad» ат клубына барып, иппотерапия әдісі арқылы жаттығу жасап қайтты. Балалар жылқылармен сөйлесіп, сырласты, салт ат жүргенде көңілдері көтерілді. Сонымен қатар, ат үстінде әлемге жоғарыдан қарайды, осылайша оның өз-өзіне деген сенімділіктері артты. Бұдан бөлек жануарларға қалай қамқорлық жасау керектігін де үйренді.


KZ
