«Шапағат» әлеуметтік қызмет орталығы» КММ Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне орай, қызмет алушылар арасында «Көңілді мәре» сайысы ұйымдастырылды. Іс-шараға «AMANAT» партиясы Алатау аудандық филиалының төрайымы Алдамбергенова Жарқын Алдамбергеновнажәне Бастауыш партия ұйымдарының төрайымдары келді. Орталығымыздың мамандарын мерекелерімен құттықтап, Алғыс хат табысталды. «Көңілді мәре» сайысына қатысқан қызмет алушыларға сыйлықтар берілді. Әлеуметтік қызметкерлер, Сіздердің еңбектеріңіз өлшеусіз. Бүгінгі мерекенің атап өтілуі де жанқиярлық еңбектеріңізбен тынымсыз қамқорлық жасап отырған Сіздерге деген шынайы құрметтің белгісі, – дедіAMANAT» партиясы Алатау аудандық филиалының төрайымы Алдамбергенова Жарқын Алдамбергеновна .



KZ
